2015 жылғы 6 ақпан, Астана қаласы
Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудиторларды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау, аккредиттеу тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылған деп танылсын:
1) «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8323 болып тіркелген, 2013 жылғы 4 мамырдағы № 156-157 (27430-27431 «Егемен Қазақстанда» жарияланған).
2) «Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау қағидасын, және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 510 бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 263 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 25 қыркүйекте № 8737 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (Б.Б. Қанешев):
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмелерін мерзiмдi баспа басылымдарға және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында осы бұйрықтың орналастырылуын;
4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және
даму министрінің міндетін атқарушы Ж. ҚАСЫМБЕК.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі Е. ДОСАЕВ
2015 жылғы 20 ақпан
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы 6 ақпаныдағы №116 бұйрығына 1-қосымша
Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесі
р/с № Рұқсат беру
талаптары: Рұқсат беру талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар Ескертпе
1 2 3 4
1. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
1 Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша (салалар бойынша) жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
2 Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, олардың ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
3 Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес. Өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде үш жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда,
бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымда-мадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
2.Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
1 Келесі мамандықтардың біреуі бойынша жоғары білімінің болуы*: техникалық ғылымдар және технология; жаратылыстану ғылымдары (механика, физика, ядролық физика, химия, биология, экология); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (менеджмент); әскери іс және қауіпсіздік (өрт қауіпсіздігі, ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); денсаулық сақтау жəне əлеуметтік қамтамасыз ету(медицина) (қоғамдық денсаулық сақтау, фармация); ауылшаруашылық ғылымдары не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Тамақ өнімдері менеджменті жүйелеріне қауіпсіздігінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор мәлімделетін аттестаттау саласында немесе аралас білім салаларында жоғары білімі бар тұлға болуы мүмкін.
Ақпараттық қауіпсіздіктің менеджмент жүйелеріне сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор мәлімделетін аттестаттау саласында немесе аралас білім салаларында жоғары білімі (техникалық ғылымдар және технологиялық, жаратылыстану ғылымдары) бар тұлға болуы мүмкін.
Фармацияда тиісті практикалар бойынша менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор: өндірістік практикаға тиесілі (GMP), дистрибьюторлік практикаға тиесілі (GDP) және дәріханалық практикаға тиесілі (GPP) жоғары фармацевтік білімі бар тұлға болуы мүмкін.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
2 Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде үш жыл және мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау саласындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
3 Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа аттестаттау бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес. Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде екі жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.
Қазақстан Республикасында жаңа бағыттар бойынша тағылымдамадан өту үшін жағдайлар болмайтын жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағытында халықаралық сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және аталған бағытта кемінде екі жыл жұмыс істеген сарапшы-аудиторда практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуге рұқсат етіледі.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда,
бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) кемінде 4 (төрт) есеп немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымда-мадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
3. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
1 Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы немесе стандарттау, сертификаттау және метрология мамандығы бойынша (салалар бойынша) жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін жағдайда, мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша сарапшы-аудитор ретінде кемінде он жыл жұмыс өтілі болған кезде орта білімнен кейінгі білімге рұқсат етіледі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
2 Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл, олардың ішінде мәлімделетін аттестаттау бағытында кемінде екі жыл немесе мәлімделетін аттестаттау бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
3 Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа қызмет бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес. Көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде үш жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда,
бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы кемінде бес есеп немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
4. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
1 Жоғары білімінің болуы. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
2 Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін аккредиттеу саласындағы немесе аккредиттеу жөніндегі органның тартылған (соңғы бес жылдың ішінде кемінде жылына үш рет) бағалаушысы немесе техникалық сарапшысы ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесінің болуы. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
3 Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау, қайта даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Қазақстан Республикасында жаңа қызмет бағыттары бойынша даярлау, қайта даярлау курстарын өту үшін жағдайлар болмайтын кезде Қазақстан Республикасының шегінен тыс курстар өтуге кемінде академиялық 40 сағат көлемінде жол беріледі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес. Аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде үш жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда,
бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) кемінде 3 (үш) есеп немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
5. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел
тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
1 Жоғары білімінің болуы. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
2 Тауарды шығарған елді айқындау саласындағы кемінде жалпы екі жыл жұмыс өтілі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
3 Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 80 сағатты құрайды.
Бұрын аттестатталған жеке тұлғалар кемінде академиялық 40 сағат көлемінде біліктілігін арттырудан өтеді.
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – бір жыл.
4 Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде үш жыл аталған бағытта жұмыс істейтін сарапшы-аудиторда практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау бойынша жұмыстар жүргізуге өзінің қатысқанын растайтын тағылымдамалардан өткені туралы кемінде 10 (он) есеп. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
6. Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптары:
1 Мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы не егер білімі мәлімделетін аттестаттау бағытына сәйкес келмейтін болса, ондай жағдайда мәлімделетін қызмет ету бағытында кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
2 Мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде бес жыл немесе мәлімделетін қызмет ету бағытында жұмыс өтілі кемінде бес жыл. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес.
3 Мәлімделетін аттестаттау бағытында даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өтуі.
Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаларды даярлау немесе біліктілігін арттыру бойынша курстар өткізу мерзімдері кемінде академиялық 40 сағатты құрайды. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес. Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау (қайта даярлау) немесе біліктілігін арттыру жөніндегі куәліктердің қолданылу мерзімі – екі жыл.
4 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімінде сарапшы-аудитор ретінде аттестатталған және кемінде екі жыл аталған бағытта жұмыс істеген сарапшы-аудиторда мәлімделетін аттестаттау саласында практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі.
Қазақстан Республикасында тағылымдамадан өту үшін жағдайлар болмайтын жағдайда, тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары рұқсат етіледі.
Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда,
бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғалардың тағылымдамдан өтуі қажет емес. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәліметтерінің нысаны қосымшаға және рұқсат беру талаптарына сәйкес, мәлімделетін бағытта тағылымдамадан өтуі туралы кемінде 3 (үш) есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары немесе сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп. Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға мәлімделетін аттестаттау бағыттарында практикалық дайындықтан (тағылымдамадан) өтуді аттестаттау бағыттары бойынша даярлық (қайта даярлық) бойынша курстарды тыңдаудан соң жүзеге асырады.
Бұрын мәлімделетін аттестаттау саласында аттестатталған тұлғаларға мәлімделетін
аттестаттау саласындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есеп ұсынады.
Ұсынымда мәлімделген аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлғаның кәсіби біліктілігі мен дағдылары көрсетілуге тиіс.
* Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес.
Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне қосымша
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға
мәліметтерінің нысаны
_________________________________________________________________
(мәлімделетін аттестаттау бағыты)
Толтырылған күні___________________________________________________
1. Жеке деректері:
Тегі ________________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болған кезде) _____________________________________
Туған жылы _________________________________________________________
Жеке тұлғаны куәләндыратын құжат (нөмірі, кім және қашан берді)
____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі _____________________________________________
Білімі ______________________________________________________________
Аяқтаған оқу орнының атауы ___________________________________________
Аяқтаған жылы ______________________________________________________
Білімі туралы құжаттың (диплом) нөмірі _________________________________
(шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаты болған кезде, Қазақстан Республикасының аумағында заңнамамен белгіленген тәртіппен білім беру туралы құжатты нострификациялау туралы мәліметтерді көрсету)
Диплом бойынша мамандығы __________________________________________
Диплом бойынша біліктілігі ___________________________________________
Ғылыми дәрежесі (бар болған кезде) _____________________________________
Аттестаты (бар болған кезде) ___________________________________________
(сарапшы-аудитордың)
20 __ жылы «___» _________ № ________________________________ берілген.
Жұмыс орны _________________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
телефоны ___________________________________________________________
Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________
2. Жұмыс өтілінің бар екендігі туралы деректер:
Күні Ұйым атауы,
лауазымы Негізгі
міндеттемелері
басталуы аяқталуы
3. Тауарды шығарған елді, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау, сәйкестігін растау, аккредиттеу бойынша жұмыстарға қатысқандығы (практикалық даярлықтан (тағылымдамадан) өтуі) туралы деректер:
Жұмыстар жүргізу кезеңі Тексерілетін ұйымның атауы және мекенжайы Орындалған жұмыстар тізбесі
4. Даярлық (қайта даярлық) немесе біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы деректер:
Күні Оқыту түрі Мамандану
(қызмет бағыты) Куәліктің нөмірі және берілген күні Оқытуды өткізген оқу орталығы
_____________________________
Қолы, күні
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін
атқарушының 2015 жылғы 6 ақпандағы №116 бұйрығына 2-қосымша
Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі
сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидалары «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына, «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аттестаттау – сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғалардың теориялық және практикалық деңгейінің техникалық реттеу саласындағы және аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының, сондай-ақ стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың белгіленген талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;
2) сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестаты (бұдан әрі – аттестат) – уәкілетті орган рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке тұлғаның сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқығын растау;
3) уәкілетті орган – техникалық реттеу және метрология саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау тәртібі
3. Аттестаттау үшін уәкілетті орган құрамы мен ережесін уәкілетті орган айқындайтын және бекітетін Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияны құрады.
Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссия кемінде бес адамнан құралады. Комиссия құрамына уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қосылады.
4. Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға үміткер аттестатын алу үшін, жеке тұлға мынадай құжаттар ұсынады:
1) уәкілетті органға:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау саласындағы мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша жұмыстар өткізуге өзінің қатысқанын растайтын жеке тұлғаның тағылымдамадан өткені туралы есептер:
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп;
жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес тағылымдамалар туралы менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) - кемінде төрт есеп;
аккредиттеу бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде 3 үш есеп;
персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары.
Тағылымдамалардан өткені туралы есептерге тағылымдама уақытында тәлімгер өткізген практикалық жұмыс туралы құжаттардың көшірмелері (тағылымдамалардан өткені туралы бұйрықтардың, зерттеу бағдарламаларының (жоспарларының), не сынақ хаттамаларының, сертификаттардың көшірмелері) қоса беріледі.
Құжаттар жиынтығы уәкілетті органға тігілген және нөмірленген түрінде ұсынылады.
2) «электронды үкімет» www.egov.kz веб-порталына немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталына:
электронды цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электронды құжат түріндегі сұрау;
сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәйкестікті растау саласындағы мәлімделетін аттестаттау бағыты бойынша жұмыстарға өзінің қатысқанын растайтын тағылымдамадан өткені туралы есептер:
өнімдер мен көрсетілетін қызметтер бойынша (әр түрлі схемалар бойынша сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстар туралы ақпаратты қоса алғанда) – кемінде бес есеп;
жалпы ұзақтығы жиырма жұмыс күнінен кем емес тағылымдамалар туралы менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) - кемінде төрт есеп;
аккредиттеу бойынша (құжаттаманы талдауды, тексеруге қатысуды және олар туралы есеп жасауды қоса алғанда) – кемінде 3 үш есеп;
персонал бойынша – кемінде үш есеп немесе тиісті бағыттар бойынша кәсіби қауымдастықтардың ұсынымдары.
Тағылымдамалардан өткені туралы есептерге тағылымдама уақытында тәлімгер өткізген практикалық жұмыс туралы құжаттардың сканирленген көшірмелері (тағылымдамалардан өткені туралы бұйрықтардың, зерттеу бағдарламаларының (жоспарларының), не сынақ хаттамаларының, сертификаттардың көшірмелері) қоса беріледі.
5. Аттестаттарының қолданысы тоқтатылған немесе мерзімі өтіп кеткен немесе аттестаттары жойылған сарапшы-аудиторларды қоспағанда, сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі бұрын аттестатталған сарапшы-аудиторлар тағылымдамадан өту туралы есептердің орнына осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес мәлімделетін аттестаттау бағытындағы сарапшы-аудитордың қызметі туралы есепті ұсынады.
6. Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес сарапшы-аудиторларды аттестаттау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
7. Сарапшы-аудиторларды аттестаттау құжаттар уәкілетті органға келіп түскен сәттен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі және мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) ұсынылған құжаттардың жиынтықтылығын тексеру;
2) Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның қоса берілген құжаттары бар өтініштерді қарауы;
3) уәкілетті органның сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау туралы немесе дәлелді бас тарту туралы шешімдер шығаруы;
4) аттестатты ресімдеу және оны сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың тізіліміне енгізу.
8. Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде аттестаттау туралы шешім қабылдаған кезде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестат беріледі.
Аттестатты, аттестаттың телнұсқасын қағаз тасығышта алу үшін жүгінген жағдайда, аттестат, аттестатының телнұсқасы электронды форматта ресімделеді, басылып шығарылады және уәкілетті орган басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.
Аттестатты беру туралы шешім Сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі негізінде уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
9. Уәкілетті орган сарапшы-аудитордың аттестатын беруге құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толық екендігін тексереді.
Сарапшы-аудиторға үміткер жеке тұлға құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган көрсетілген мерзімде өтінішті қарастырусыз қайтарады.
10. Аттестатты беруден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) сенімсіз деректер ұсыну;
2) Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарына сәйкессіздігі.
3) мәліметтері техникалық реттеу саласындағы заңнама нормаларына қайшы келетін, тағылымдамалардан өткені туралы есептер ұсыну.
Уәкілетті орган сарапшы-аудиторларға үміткерлерге аттестатын беру үшін белгіленген мерзімдерде жеке тұлғаларға қағаз тасығышта немесе электронды құжат нысанында дәлелді бас тарту береді.
11. Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
12. Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын тоқтата тұру, қолданылуын қалпына келтіру және жою рәсімі 2014 жылғы 5 шілдедегі «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне және Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Сәйкестігін растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторды қайта аттестаттау аттестатының қолданысы жойылған күннен бастап екі жыл өткен соң жүргізіледі.
14. Аттестаттардың телнұсқаларын беру Заңмен белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидаларына 1-қосымша
нысан
___________________________________________________________________
(аттестаттау органының толық атауы)
__________________________________
(аттестаттау бағыты)
бойынша сарапшы-аудиторға үміткер
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны, мекенжайы, телефоны)
Өтінім
____________________________________________________________________
(аттестаттау бағыты)
бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің сарапшы-аудиторы ретінде аттестаттауды өтінемін.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамамен белгіленген сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды толығымен орындауға міндеттенемін.
20___ж. «___»___________ ақпараттық жүйелерде жазылған, заңмен қорғалатын мәліметтерді пайдалануға келісемін (қолы).
Қоса берілетін құжаттар:
Қолы, күні
Сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау қағидаларына 2-қосымша
нысан
Тағылымдамадан өткені туралы
№ _____ ЕСЕП
__________________________________________________________________ бойынша
(мәлімделетін аттетаттау бағыты)
____________________________________________________________________
(сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________________
(есептің мәтіні)
Сарапшы-аудиторларға үміткер жеке тұлға (тағылымдамашы) _____________
___________________________________ ____________________________
(тегі және аты-жөні) (қолы)
Тағылымдама басшысының пікір-мінездемесі:
Бағалау саласы Бағалау (қанағаттанарлық, қанағаттарлықсыз)
Білімі:
Қазақстан Республикасы заңнамаларының негізі
Қазақстан РЕспубликасының стандарттау жөніндегі негізін қалайтын нормативтік құқықтық актілері мен нормативтік құжаттары
Жұмыстар мен тексерістер жүргізу әдістері мен процедуралары, тексерілетін нысандар сипаттамалары, оларды бағалау, есептер, қажетті құжаттар және жұмыс нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау
Білімді іс жүзінде қолдана білу
Жеке қасиеттерін іске асыру
Жалпы баға
Тағылымдама жетекшісі
____________________________________________________________________
(сарапшы-аудитор, тегі, аты, әкесінің аты, аттестаттың тіркеу нөмірі,
____________________________________________________________________
Сарапшы-аудитор ретіндегі қызмет бағыты, лауазымы, жұмыс орны, жұмыс өтілі)
___________________________ ____________________________________
(тағылымдама басшысының қолы) (тағылымдама басшысының тегі және аты-жөні)
Ұйым басшысы
_____________